2025 жылдың 25 қыркүйегінде Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде өзін өзі басқару ұйымының президентін сайлау өткізілді. Бұл маңызды шараға 3 үміткер қатысты, әрқайсысы мектепті дамытуға бағытталған өзіндік бағдарламаларын ұсынды.
Сайлау барысында оқушылар белсенділік танытып, дауыс беруге қатысты. Үгіт-насихат жұмыстары мектептің барлық сыныптарына таныстырылып, әр үміткер өз бағдарламасын қорғауға мүмкіндік алды.
Сайлау қорытындысы бойынша, ең жоғарғы дауыс жинаған 10 «Б» сынып оқушысы Сатыбалды Сымбат «Мектеп президенті» болып тағайындалды.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту және мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру.

Ұқсас жазбалар
Дарынды оқушылар
«Оқушылар арасында зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу»
«ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ»