Басты бет » Салауатты өмір салтын қалыптастыру

2025 жылдың іс-жоспарына сәйкес, Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің базасында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Мыкышова және директордың құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Р.О.Дауренбекованың ұйымдастыруымен оқушыларға дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткілерді, спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін пайдаланудың алдын алу бойынша «Денсаулық – зор байлық» атты 5-11 сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттердің адам денсаулығына тигізетін кері әсері туралы түсінік беру және оларды дұрыс таңдау жасауға тәрбиелеу.

Сынып сағаты барысында төмендегідей мәселелер талқыланды:

* Салауатты өмір салтының маңызы;
* Есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға зияны;
* Денсаулықты сақтаудың тиімді жолдары;
* Дұрыс тамақтану мен спорттың адам өміріндегі рөлі.
Сынып сағаты көрнекіліктермен безендіріліп, бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Нәтижесінде оқушылар салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігін түсініп, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырылды.