Басты бет » «Есірткісіз- жарқын болашақ»

2025 жылдың 12 қараша күні Т.Рысқұлов мектеп-лицейінің базасында аудандық орталық ауруханасының СӨСҚ (Салауатты өмір салтын қалыптастыру) дәрігері Пойызбай Айгерімнің ұйымдастыруымен “Есірткісіз жарқын болашақ” тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті.
“Есірткісіз — жарқын болашақ” — бұл жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, есірткіге, темекіге және басқа зиянды әдеттерге қарсы күреске бағытталған ұран мен әлеуметтік бағыттағы идея.
Іс-шараның мақсаты — есірткінің адам ағзасына, психикасына және өміріне тигізетін зиянын түсіндіру, сонымен қатар жастарды өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақыру.