«JasUlan Talks» – «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары арасында өткізілген шығармашылық және танымдық бағыттағы жиын. Шараның мақсаты – жас көшбасшылардың пікір алмасуына, өз ойын еркін жеткізуіне, тұлғалық және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға жағдай жасау. Жиын барысында қатысушылар заманауи тақырыптарда ой бөлісті. Сонымен қатар, ұйымның алдағы жұмыс жоспары мен бастамалары талқыланып, үздік идеялар мен жобалар ұсынылды. Іс-шараның нәтижесінде жас ұландардың ұйымшылдық, жауапкершілік және көшбасшылық қабілеттері нығайып, ортақ мақсатқа жету жолындағы ынтымақтастықтары артты.

Ұқсас жазбалар
«Азамат» өзін-өзі басқару ұйымына ПРЕЗИДЕНТТІК сайлау
Дарынды оқушылар
«Оқушылар арасында зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу»