2025 жылы 24 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде мектепішілік «Күзгі бал» кеші өткізілді.
Іс — шараның мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік жасау болды.
Іс — шара барысында оқушылар мен мұғалімдер «Күз ханзадасы мен ханшайымы» сайысына қатысып, түрлі көріністер, әндер мен билер орындап, қолөнерлерін көрсетті. Іс — шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қатысушылар белсенділік танытты.
Байқау нәтижесі бойынша, 2025 жылдың «Күз ханзадасы мен ханшайымы» болып бас жүлдені 10 «Ә» сыныбы иеленді.

Ұқсас жазбалар
«Азамат» өзін-өзі басқару ұйымына ПРЕЗИДЕНТТІК сайлау
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
«Ұлттық валюта-ел мәртебесі»