2025 жылдың іс-жоспарына сәйкес, Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің базасында 8-11 сынып оқушыларымен «Оқушылар арасында зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу» тақырыбында дәрістер шеруі өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салты туралы түсінгін кеңейту, зиянды әдеттерден (темекі шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану және электронды темекі пайдалану) аулақ болуға тәрбиелеу. Іс- шара барысында зиянды заттардың адам денсаулығына, психикасына және өмір сапасына кері әсері түсіндіріледі.
Оқушыларға тақырып бойынша бейнеролик көрсетіліп, пікірталас жүргізілді. Сонымен қатар сұрақ-жауап түрінде әңгіме ұйымдастырылып, «Зиянды әдеттен-таза өмірге!» атты ұрандар айтылды.
Нәтижесінде: оқушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсінді, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйренді.
Мұндай алдын алу шаралары жастар арасында зиянды заттарға тәуелділіктің алдын алып, дұрыс өмірлік ұстанып қалыптастыруға ықпал етеді.



Ұқсас жазбалар
«Азамат» өзін-өзі басқару ұйымына ПРЕЗИДЕНТТІК сайлау
Дарынды оқушылар
Салауатты өмір салтын қалыптастыру