Басты бет » «Қартқа бізден құрмет бар!». «Жас ұлан»

2025 жылдың қазан айында Тұрар Рысқұлов мектеп-лицейінің «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының еріктілер тобымен «Қамқор» жобасы аясында, «Қартқа бізден құрмет бар!» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты — оқушыларды мейірімділікке, үлкендерді сыйлауға, қоғамға пайдалы іс атқаруға тәрбиелеу. Іс
— шара барысында ұйым мүшелері ауылдағы қарттардың үйлеріне барып, аула тазалау, отын- жиһаз реттеу сияқты тұрмыстық көмек көрсетті. Сондай-ақ оқушылар жылы тілектерін айтып, белсенділік танытып, ізгі істерімен үлгі бола білді.