Басты бет » «Туған елім Қазақстан»

2025 жылдың 22 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде Республика күніне арналған «Туған елім — Қазақстан» атты салтанатты жиын өтті. Республика күніне арналған бұл мерекелік іс-шара, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі болып табылатын Республика күнін кең көлемде атап өту мақсатында ұйымдастырылды. Бұл кеш еліміздің егемендігі мен тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихын ұлықтау, ұлттық бірлікті нығайту және патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілді. Сондай
ақ, айтулы күннің қарсаңында еліміздің болашағы, белсенді талапты оқушыларды Республикалық біріңғай «Жас Ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Іс-шара барысында концерттік бағдарламалар, әдеби-музыкалық композициялар, патриоттық әндер мен би номерлері көрсетілді. Іс-шараға мектеп мұғалімдері мен оқушылары, сондай ақ арнайы қонақтар қатысты.