Басты бет » «Ұлттық валюта-ел мәртебесі»

2025 жылдың 14 қараша күні мектеп оқушыларының кәсіптік білімдерін арттыру, «мамандықтар» туралы түсініктерін кеңейту мақсатында Ұлттық валюта-теңге күніне орай: «Ұлттық валюта – ел мәртебесі» атты мектепішілік дөңгелек үстел өтті. Мақсаты – Ұлттық валютаның тарихын дәріптеу, қаржы саласының маңызын түсіндіру және экономиканың дамуына үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін бағалау. Іс – шараға 8-9 сынып оқушылары қатысып, өз ой – пікірлерін еркін білдірді.