Басты бет » «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ»

Жасөсіпірім және заң» тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрылып, оқушыларға профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шараға аудандық «Ардагерлер» кеңесінің төрағасы Қ.Бижанов, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы А.Сәрсеханұлы, АПБ-нің ЖПҚнің ЮПТ-ның инспекторы Қ.Жүнісов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Ногайбаева құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу үшін тәртіп пен жауапкершіліктер туралы сөз қозғап, өмірде кездесетін қиын жағдайларда заңды біліп, адал болу арқылы көп қиындықтардың алдын алуға болатынын ескертті. Әрдайым дұрыс жолды ұстанып, ешқашан заңды бұзбауға шақырды.